"Рухани жаңғырудың жарқын жолы - өскелең ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеу"
Республикалық"Рухани жаңғырудың жарқын жолы - өскелең ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеу" тақырыбындағы бағдарламаның жеңімпазы, 1-ші дәрежелі Диплом иегері,#3ОМ мектебі 11а класс оқушысы Жармұхамбет Әйгерімді және осы бағдарлама аясында атқарған істері үшін Құрмет грамотасымен марапатталған оның ұстазы Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызын құттықтаймыз.
"Адамзаттың Абайы"
27 марта 2019 года. "Адамзаттың Абайы" Республикалық байқауға #3 орта мектебінің 5 класс оқушылары Абатова Анеля мен Абшукирова Алевтина белсене қатысып, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев өлеңдерін жүректен жүрекке жеткізе оқып, ақын шығармашылығына деген қүрметін көрсете білген жас таланттарымыз жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі Юсупова Жансулу Жанабергеновна
"Қазақтың қара өлеңі - құдіретім"
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған дара тұлға - Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Қазақтың қара өлеңі - құдіретім" атты Республикалық байқауға қатысып жүлделі орындарға ие болған жас таланттарымызды құттықтаймыз! Алиева Алина - 2-ші орын, жетекшісі - Абдрешова Гүлжан Жалгасбаевна; Абетова Анель - 1-ші орын, Абшукурова Алевтина 2 -ші орын, жетекшісі Юсупова Жансұлу Жаңабергеновна. Жұлдыздарыңыз әрқашан да биікте жарқырасын, жас дарындар!!!