"№3 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
0

 

№3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарбаева Нұрсұлу Исаевна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі тарапынан Алғыс хатпен марапатталды

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарбаева Нұрсұлу Исаевна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Нұрсұлу Исаевна, шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!